Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға визасыз баратын болады
|
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға визасыз сапарлай алатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті.
А.Волковтың атап өтуінше,Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Оның үшеуі екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен рәсімделетін болады.
«Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. Ол Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08