Биыл Астанада 8 мектептің құрылысы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада 8 мектептің құрылысы аяқталады

10.06.2014
Биыл Астанада 8 мектептің құрылысы аяқталады
Қазіргі уақытта қалада 9500 балаға есептелген 8 мектеп салынып жатыр. Олардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.
 
Салынып жатқан білім мекемелері биыл тамыз-қыркүйек айларында пайдалануға берілмек. 7 мектеп 1200 орынға және біреуі 1100 орынға есептелген.
 
Ал, қазіргі уақытта Астанада №41 көшенің және Мирзоян көшесінің жалғасындағы қиылыста орналасқан 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу