ОҚО-да 2014 жылы маңызды автокөлік жолдары мен көшелерде де қайта жаңарту, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұған бюждеттен 18 987,5 миллионтеңге көлемінде қаржы бөлінген, деп хабарлайды kz.otyrar.kz сайты.
Облыс орталығында ағымдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған үш жерасты өткелі салынады.
Оның бірі - Республика даңғылы бойындағы «Колос» базары, екіншісі - Т. Рысқұлов көшесі бойындағы «Еуразия» базары, тағы бірі - «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» маңында.
|