Астанада «Қалалар айқасы» халықаралық әзіл-сықақ фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қалалар айқасы» халықаралық әзіл-сықақ фестивалі өтеді

08.06.2014
Астанада «Қалалар айқасы» халықаралық әзіл-сықақ фестивалі өтеді
Астана күні мерекесі аясында алғаш рет «Қалалар айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтеді. Фестиваль Бейбітшілік және келісім сарайында 7 шілде күні сағат 19:00-де басталады.
 
Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Шара барысында Қазақстан мен Ресейдің танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы, «Лица столицы», «KZландия» скетч шоуы енгізілген.
 
Сонымен бірге, «Наша Rusia», «Comedy Club» тележобаларының авторы «Comedy Club» айтулы мүшесі - «Семен Слепаков», КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысады.
 
«Қалалар айқасы» жобасының жүргізушілері - КТК жоғары лигасының чемпионы Эндрю Нджогу (Мәскеу) және Дәуіт Шайхисламов.

Шара қорытындысы бойынша «Қалалар айқасы» халықаралық жекпе-жегінің жеңімпазы анықталып, үздіктерге естелік сыйлықтар табысталады.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу