Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады

06.06.2014
Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин апта сайын министрліктердің жауапты хатшыларымен кездесіп отыратын болады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Ақордада Президент Әкімшілігі жетекшісінің министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшыларымен кездесуі барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын игеру, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету салаларындағы жұмысының негізгі мәселелері талқыланды.
 
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппарат жұмысын тұрақты әрі тиімді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 

Хабарламаларға жазылу