Ақтөбеде қазақтың бард әншісі Табылды Досымовқа арналған әндер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қазақтың бард әншісі Табылды Досымовқа арналған әндер фестивалі өтті

05.06.2014
Ақтөбеде қазақтың бард әншісі Табылды Досымовқа арналған әндер фестивалі өтті

 

Ақтөбеде қазақтың тұңғыш әрі әзірге соңғы барды, ақын Табылды Досымовтың шығармаларына және Табылдыға арналған әндерден «Сәйгүлік» атты фестиваль өтті.
 
Кешке Табылдының курстастары Ж.Құлиев, А.Сқабылұлы, С.Жанболат, т.б. белгілі журналистер, Жазушылар Одағынан ақын Ж.Әшімхан арнайы келді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Марқұм Табылдымен көзінің тірісінде жақсы араласып, талай кештерде сахнаға бірге шығып едік. Гитара ойнау мәнерімізде, гитарамен ән салуда, гитараны қазақиландыруда көзқарасымыз сәйкес келе бермейтін. Сөйте тұра қатты сыйластық. Мынадай заманда осындай ауқымды кеш өткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Фестивальдің ойдағыдай сәтті шығуы ақын Бижан Қалмағанбетовтің еңбегі дер едім. Оның Табылдың әндерін республика көлемінде ғана насихаттап қоймай, шетел қазақтарына (Қытай, Монғолия) дәріптеуде қосқан үлесі орасан зор», - деді актер, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай.
 

Хабарламаларға жазылу