«Қазақстан» аруы»: Екінші кезеңде дауыс саны бойынша Индира Бектенова алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» аруы»: Екінші кезеңде дауыс саны бойынша Индира Бектенова алда келеді

04.06.2014
«Қазақстан» аруы»: Екінші кезеңде дауыс саны бойынша Индира Бектенова алда келеді
«Қазақстан» РТРК» АҚ kaztrk.kz порталы жариялаған «Қазақстан» аруы» байқауы жалғасуда. Сайыстың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың арасында қазірше дауыс саны бойыншаИндира Бектенова (1766 дауыс) алда келеді.
 
Сондай-ақ, байқауға Гүлмира Дайрабай (1 726 дауыс), Назерке Нұртас (1558 дауыс),Маржан Болатханқызы (814  дауыс), Ләйлә Сұлтанқызы (886 дауыс),  Жайнагүл Төлеміс(401 дауыс) қатысуда.
 
Естеріңізге сала кетейік, kaztrk.kz порталы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тележүргізушілерінің арасында байқау жариялаған болатын. Байқау шарты бойынша, жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады. Яғни, «Қазақстан» аруы» атағына лайық деп танылған үміткерлерге «Twitter», «Facebook» және «Вконтакте» әлеуметтік желілері арқылы дауыс беріледі.
 
Ал байқау қорытындысы журналистер мерекесі қарсаңында жарияланады. Аталған байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілмек.

Ұлттық арнаның көрермендерін kaztrk.kz порталының «Қазақстан» аруы» жобасына атсалысуға шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу