Венгрияда Абай ескерткіші орнатылды
|
Венгрияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа бюст ашылды. Ақын мүсіні мемлекет астанасы Будапешттегі Астана көшесіне орнатылды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің ақпарат орталығы хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында өтті. Облыстың жас дарын иелері Абай әндерін венгр тілінде орындады. Белгілі болғандай, 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстан атақты жерлесінің мүсінін дайындап, Венгрияға жіберу міндетін өзіне алған болатын.
Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі - 1070 мм, ені - 900 мм. Қазақтың бас ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіштер Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Витебскіде, Тегеранда және Стамбулда орнатылған. Ал, Лондонда Абай үйі ашылды.
Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық Хайду-Бихар (Венгрия) муниципалитеті арасындағы жұмыс сапары барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13