4 маусымнан бастап «Алматы-Бургас» әуе рейсі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 маусымнан бастап «Алматы-Бургас» әуе рейсі ашылады

03.06.2014
4 маусымнан бастап «Алматы-Бургас» әуе рейсі ашылады
«Алматы-Бургас»  әуе рейсі 4 маусымнан бастап ұша бастайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевпен кездесуі барысында Қазақстандағы Болгария елшісі Иван Димитров хабарлады.
 
«Болгарлық тарап Алматыдан Бургасқа ағымдағы жылғы алғашқы әуе рейсі 4 маусымға жоспарланғанын айтты.
 
Ол «Bulgaria Air» ұлттық әуе компаниясымен үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегіне дейін аптасына екі рет ұшумен жүзеге асырылады», - делінген комитеттің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу