Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты
Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға елімізден Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Басқосуда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасының өкілдері, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Бұдан бөлек Қырғыз Республикасы одаққа қосылғандықтан, алдағы уақытта осы елмен арадағы алынып тасталатын кедендік шекара мәселесі де пысықталды.
Қазақстан тарапы, әзірге, бұл елмен арадағы кеденде ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау сақталуы тиіс деген талап қойып, оны өзге мемлекеттер қолдады.
Себебі, Қырғыз елінде көптеген кемшіліктер болғандықтан, олар әзірге азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04