Еуразиялық экономикалық одақ жастар үшін құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ жастар үшін құрылды

30.05.2014
Еуразиялық экономикалық одақ жастар үшін құрылды
 
Еуразиялық экономикалық одақ ең бірінші кезекте оған қатысушы елдерде тұрып жатқан жас ұрпақ үшін құрылуда. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ресей Ғылым Академиясының экономика институты посткеңестік зерттеулер орталығының қызметкері Елена Кузьмина білдірді.
 
«Кеше Еуразиялық экономикалық одақ шарты аясында медициналық және педагогикалық мамандықтарын қоспағанда барлық елдердің дипломдары жарамды болып танылатындығы аталып өтілді. Мен елімде көп сапарға шығамын және Ресейдің шекаралас өңірлерінде білім алатын қазақ студенттерінің саны айтарлықтай көп. Қазақтар санының көп болғандығы себепті Астраханьдағы барлық дерлік институттарда қазақ тілінде білім беретін топтар бар. Омбы мен Екатеринбургтегі жоғары оқу орындарында осындай топ бар екені белгілі.
 
Ең бастысы Еуразиялық экономикалық одақ жастар үшін құрылып отыр. Өйткені, біздің болжамымызша, бұл одақ дами түсетін болады. Одақ қағаз жүзінде ғана тіршілік етпей, дами түседі. Ал, онда бірінші кезекте қазіргі заман жастары өмір сүретін болады», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу