Бүгін Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап, ас беріледі, құран бағышталады.
Шара барысында қазақтың біртуар тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналып жазылған «Жолайрық» драмасының тұсаукесері өтеді. Қойылымның авторы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,филология ғылымдарының кандидаты, ақын Ғазиз Ештанаев. Ол бұл туындыны университеттің «Ақ желкен» студенттер театрына арнайы жазған.
Сондай-ақ, кездесу барысында университеттің 12 мың студенті қол қойған Үндеу жарияланып,Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына орай биылғы жылды «Сәкен жылы» деп атап өту туралы бастама көтерілмек.
Еске алу шарасына белгілі қоғам қайраткерлері, ұлт жанашырлары, Алаштанушы ғалымдар, ұстаздар мен студенттер қатысады деп жоспарлануда.
|