Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биыл қол қоюды жоспарлауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биыл қол қоюды жоспарлауда

29.05.2014
Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биыл қол қоюды жоспарлауда
Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісімге биылғы жылдың 15 маусымына дейін қол қоюды жоспарлауда. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің қатысуымен болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Армения Президенті Серж Саргсян осылай деп мәлімдеді.
 
Еске сала кетейік, бүгін, 29 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу