Б.Обама: Америкалық әскерилер 2016 жылға таман Ауғанстаннан толықтай шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Обама: Америкалық әскерилер 2016 жылға таман Ауғанстаннан толықтай шығарылады

28.05.2014
Б.Обама: Америкалық әскерилер 2016 жылға таман Ауғанстаннан толықтай шығарылады
АҚШ өз бітімгершілік миссиясын аяқтағаннан кейін Ауғанстанда 9800 сарбазын қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл турасында  Барак Обама мәлімдеді.
 
АҚШ президентінің сөзінше, америкалық әскерилер 2016 жылға таман Ауғанстаннан толықтай шығарылады.
 
Ал, онда қалатын жауынгерлердің шағын құрамы АҚШ Елшілігін күзету, Ауған әскерилерін жаттықтырумен айналысып, террорға қарсы іс-қимылдарды дайындауға көмектеседі.
 
Бұл жоспар Вашингтон мен Кабул арасындағы қауіпсіздік келісімі бекітілгенде ғана жүзеге аспақ. Обама әкімшілігі Карзайдың орнын басатын Ауғанстанның болашақ президенті осы құжатты бекітетініне нық сенімді.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу