Ежелгі Римнің қонысы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ежелгі Римнің қонысы табылды

25.05.2014
Ежелгі Римнің қонысы табылды
Мюнхен қаласының орталығынан батысқа қарай бағытта көне қоныстың орны табылды. Археологтар оны жаңадан тұрғызылатын ауданның аумағын зерттеу барысында анықтаған.
 
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ол жерден ерте қола ғасырына тиесілі сүйек қалдықтары табылған. Сонымен бірге, археологтар ерте кездегі үйлердің сұлбасын анықтады. Яғни, бұл қоныстан құдықтар мен үй-жайлардың іздері табылған. Елді мекендегі қыштан жасалған бұйымдар біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларға жатады екен.
 
Мюнхенде Ежелгі Рим кезіндегі қоныстың табылуына кірпіштерді күйдіруге арналған үлкен пештердің анықталуы дәлел болуда.

Хабарламаларға жазылу