Қытайдағы жер сілкінісінен 300 мыңнан астам адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы жер сілкінісінен 300 мыңнан астам адам зардап шекті

25.05.2014
Қытайдағы жер сілкінісінен 300 мыңнан астам адам зардап шекті
Қытайдың Инцзян уезіндегі зілзала салдарынан 300 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа.
 
«Сенбіде сағат 4:49-да  күші 5,6 балдық жер сілкінісі болды. 19:40 кезіндегі жағдай бойынша одан 311 мың адам зардап шеккен. Сонымен бірге, өңірлік инфрақұрылымның бөлек нысандарына да шығын келтірілді»,-делінген хабарламада.
 
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 4312 отбасының тұрғын үйі қирап, үлкен көлемде залал келтірілген.
 
Жер сілкінісінен жергілікті инфрақұрылымға, оның ішінде энергетикалық, көліктік нысандарға едәуір шығын келіп отыр,-дейді Инцзян уезі әкімшілігінің басшысы Вэй Ган.
 
Қазіргі кезде аталған жердің аумағында 3 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеуде. 10,1 мың адам шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Хабарламаларға жазылу