Қазақстан – әлемдік бәсекеге белсенді қатысуда
|
«BBC World News» коммерциялық өкілдігінің басшысы - Сергей Становкин.
-Бұл форумның ел беделін арттырудағы рөлі қандай?
-Қазақстан сияқты артықшылықтары басым ел мүмкіндіктері мен жетістіктерін дүйім жұртшылыққа паш етуі тиіс. Форумға жиналған делегаттар Қазақстанмен экономика саласындағы ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл тек Қазақстан үшін ғана маңызды шара емес, бүкіл Еуразия аймағына пайдасын тигізетін ауқымды басқосу, деп білемін.
Елдің жағымды имиджін қалыптастыру, жалпы тартымдылығын арттыру тұрғысынан келгенде де рөлі айрықша. Кейбір елдер инвесторлар өздері келеді деп сенеді. Тартымды ету үшін еш әрекет жасамайды. Шын мәнісінде, инвестор шақырса ғана келеді. Ол үшін кез келген мемлекет инвесторларды қуана қабылдайтынын жасырмай артықшылықтарын жария етуден тартынбауы тиіс.
Сонда ғана сырттан тартылушылар көбейеді. Қазіргі заман қаласақ та, қаламасақ та бәсекеге негізделген. Біз жобалар үшін, инвестициялар үшін, керек десеңіз, дарындар үшін бәсекеге түсеміз. Қазақстан – бұл әлемдік бәсекеге белсенді қатысуда. Және Астана экономикалық форумы бұған өз септігін тигізуде.
Диана АХМЕТЖАН
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
13.04.2026, 17:39
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
13.04.2026, 17:38
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
13.04.2026, 17:37
Брюссельде қазақ мәдениеті кеңінен насихатталды
13.04.2026, 17:35
Тарихшы: Дала заңдары жаңғыртылуы қажет
13.04.2026, 17:33
Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады
13.04.2026, 17:30
Жас ғалымдардың еңбектері таныстырылды
13.04.2026, 17:27
eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
13.04.2026, 17:25