Қазақстандағы Украина азаматтары президент сайлауында дауыс бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы Украина азаматтары президент сайлауында дауыс бере алады

24.05.2014
Қазақстандағы Украина азаматтары президент сайлауында дауыс бере алады
 
Қазақстандағы Украина азаматтары президент сайлауына қатыса алады. Олар жексенбі күні Астана (Украина елшілігі) және Алматы (Украинаның бас консулдығы) қалаларындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан». 
 
Украина елшілігінің хабарлауынша, сайлауға тек аталған ел азаматтары ғана қатыса алады. Және олар елшілік тіркеуінде болуы керек.
 
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Украинада кезектен тыс  президент сайлауы өтеді. Ал 24 мамыр - Украинада «тыныштық күні».
Яғни, заң бойынша  ешқандай үгіт-насихат шаралары өткізілмейді.
 
Президенттікке үміткерлер саны - 21. Егер сайлауда олардың ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинамаса, Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңін өткізеді.  Шараға  33,7 миллион сайлаушы қатысады деп күтілуде.
 
 
 

 

Хабарламаларға жазылу