«Қазақ хандары мен шығыс билеушілерінің арасында парсы тілінде хат алмасулар болған. Оны Үндістан мен Иран мұрағаттарынан табылған сирек қолжазбалар растайды», деп жазады e-islam.kz.
«Тәуке хан, Қасым хан, Жалаңтөс Бахадүр туралы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде бір кезде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді», - дейді Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкері Ғалия Қамбарбекова.
«Мұнша аттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түп тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде, Тавакул хан «қазақ» дегенді білдіретініне көзім жетті», - дейді ол.
Осы туралы хабар таратқан «Алматы» телеарнасы аталған құжаттардың Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарында сақталғанын алға тартады. Енді зерттеушілер көне жазуларды арнайы маманның көмегіне жүгініп аударуды көздеп отыр. |