Өскеменде 9 автокөлік өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 9 автокөлік өртеніп кетті

22.05.2014
Өскеменде 9 автокөлік өртеніп кетті
Бүгін, 22 мамырда Өскеменде «Галион» ТҚКС аумағынан  өрт шығып, оның салдарынан бірден 9 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлады ҚазаАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
 
Оқиға Щербаков көшесінің бойында болған.  Mercedes-Benz 190, Mitsubishi, LADA Priora, Volkswagen, Subaru, Mazda, ВАЗ-21099, Opel, BMW маркалы көліктері отқа оранды.
 
Айта кетейік, жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. «Тілсіз жаудың» шығу себептері, залалы мен автокөлік иелері анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу