Алматылықтар «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін ашық аспан астында тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін ашық аспан астында тамашалайды

22.05.2014
Алматылықтар «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін ашық аспан астында тамашалайды
Бүгін Алматыда өтетін «Алматы - Гүл қала» фестивалі аясында ашық аспан астындағы кинотеатр жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы гүл мерекесінің ерекшелігі, өткізілетін шаралар санына ғана емес, әр бағдарламаның мазмұнына да қатысты болмақ.

Қала тұрғындары мен  қонақтарына түскі сағат 15.00-де «Он и Она», ал, 19.00-де «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі ұсынылады. Бұдан өзге, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясын бітірушілердің қысқаметражды дипломдық жұмыстарының премьерлік көрсетілімі болады.

Көрме-жәрмеңкеге отандық және ТМД елдері гүл өсірушілерімен қатар Голландия, Германия, Франция мен Ресейден жалпы саны 90 компания қатысады.

Фестиваль барысында келушілерге отандық және шетелдік флористика шеберлерінің шеберлік сыныптары, қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен ток-шоу, қазақ эстарда жұлдыздарының концерті ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 

Хабарламаларға жазылу