Бүгінгі журналистикада жылдамдық басты рөлді атқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі журналистикада жылдамдық басты рөлді атқарады

21.05.2014
Бүгінгі журналистикада жылдамдық басты рөлді атқарады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Халықаралық  журналистика саммитінің БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру мәселесі сөз болған сессиясына қатысқан сарапшы мамандардың бірі - Caspian Publishing House басқарушы редакторы Чарльз Ван дер Лю тақырыпқа байланысты пікірімен бөлісті.

«Жақсы пианист атану үшін кемінде 10 жыл керек. Тәжірибе үздіксіз дайындалу, ұстаздардың кеңесін тыңдау арқылы  жинақталады. Журналист те сол сияқты. Технология өзгергенімен, оқыту әдісі сол күйінде қалады. Журналиске керегі - білім. Қандайда бір шараға барсаңыз, сол шара туралы алдын ала біліп барғаныңыз жөн. Жан-жақты білім керек. Жақсы мәліметтер базасына иелік еткен жөн», деді ол.

Сонымен қатар, ол дәл қазіргі күні журналиске қойылатын басты талаптың бірі жылдамдық екеніне айрықша тоқталды.

«Қазіргі журналиске ең қажетті нәрсе - жылдамдық, сосын икемділік. Бүгінгі күні бір материалды апталап дайындай алмайсыз. Әрі кетсе бірнеше сағаттың ішінде әзірлеп үлгеру керек. Журналист - мобильді болғаны жөн», - дейді. 

 

Хабарламаларға жазылу