Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және Келісім сарайында VII Астана экономикалық форумы басталады.
Астана экономикалық форумы – әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі. Жаһандық жиынға әлемнің 150 елінен 10 000-нан астам қатысушы келеді.
2008 жылдан бастап, АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік проблемаларымен күресудің жолдарын іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.
Форум аясында 70-ке жуық шара өтеді. Экономикалық форум барысында дағдарысқа қарсы II Дүниежүзілік конференция ұйымдастырылады. Сондай-ақ, елімізде өтетін EXPO-2017халықаралық көрмесін насихаттау жұмыстары жүргізілмек.
|