Нұрсұлтан Назарбаевқа «Синьхуа» оқырмандарынан 1000-нан астам сұрақ жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Синьхуа» оқырмандарынан 1000-нан астам сұрақ жолданды

20.05.2014
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Синьхуа» оқырмандарынан 1000-нан астам сұрақ жолданды
Шанхайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қытайлық ғаламтор пайдаланушылары арасында сұхбат басталды. Алдымен Мемлекет басшысы «Синьхуа»ақпарат агенттігі сайтының пайдаланушыларымен тілдесті.
 
«Ауқымды Қытай аудиториясының алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін беріп, шақырғандарыңызға рахмет», - деді Мемлекет басшысы  онлайн сұхбат барысында.
 
Елбасына қойылған алғашқы сұрақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің рөлі мен даму келешегіне қатысты болды. 

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Синьхуа» сайтында түрлі тақырыптағы 1000-нан астам сұрақ жолданды. Онлайн сұхбаттан кейін Қазақстан Президенті қойылғандардың ішінен ең үздік сұрақты таңдап алып, оны жолдаған интернет-пайдаланушыға сыйлық тапсырады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Синьхуа»  - 1931 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қытайдың ірі мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Оның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Сайтты күн сайын  58 миллионға жуық адам пайдаланады, веб-парақшаны қараушылар саны 280 миллионды құрайды.
 
Бұған дейін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Синьхуа» агенттігіне бірнеше мәрте жазбаша сұхбат берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу