Түркияның батысындағы шахтада болған апатты тексерген полиция 18 адамды қамауға алды, деп хабаралайды ВВС. Олардың арасында кәсіпорын басшысы да бар.
Сома қаласындағы оқиға орнында соңғы құтқару жұмыстары сенбі күні жүргізілген. Құтқарушылар ол кезде кен орнынан екі жұмысшының мәйітін шығарды.
Ал, апат салдарынан барлығы 301 кенші қаза тапты.
Естеріңізге сала кетейік, ел тарихындағы ең ірі апатқа байланысты Түркияда үш күн қаралы деп жарияланды.
|