Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы басталды

18.05.2014
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы басталды
Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы басталды.
 
Сессия ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен  өтуде.
 
Сессияның биылғы тақырыбы - «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті».
 
Шараға еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары шақырылды.
 
Сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемлекеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда.

Хабарламаларға жазылу