Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады

18.05.2014
Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады
Қазақстан дзюдошылары Польшаның Бьелско-Бьяла қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан 5 медаль олжалады. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
 
«Қазақстан Еуропа кубогі жолындағы жарыстың алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды. Алтын медаль Ақмарал Науатбек (40 келі) пен Мадияр Сембаевтың (66 келі) еншісінде. Қола медаль иегерлері - Мағжан Шамшадин (55 келі), Гүлдана Мұрат (44 келі) пен Анар Асылханова (52 келі)», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу