Алматы қаласының аумағы ұлғайтылды

17.05.2014
Алматы қаласының аумағы ұлғайтылды
Мемлекет басшысы «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін», делінген Жарлықта.

Хабарламаларға жазылу