Қазақ еліндегі күрдтердің 75 пайызы қазақ тілінде сөйлейді
18 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтпек. Осыған орай«Таңшолпанда» Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев қонақта болды.
«Қазақстанда достық, бірлік, бейбітшілік салтанат құрған. Түрлі мәдени орталықтарда әр ұлт өз дәстүрін, тілін насихаттауға мүмкіндік бар. Мемлекеттік тілді меңгеруге де жағдай жасалған», -дейді Князь Мирзоев.
«Біздің қауымдастықтың мүшелері аптасына үш рет қазақ тілінен дәріс алады. Бұрын мен де қазақ тілін білмейтін едім. Осындай дәрістерге қатысудың арқасында қазақ тілінде сөйлеуге біршама машықтанып қалдым. Бүгінде Қазақстан күрдтерінің 75 пайызы қазақ тілінде сөйлейді. Мейлі қай ұлттың өкілі болсын, ол қазақ тілін білуге міндетті. Бұл – патриотизмның ерекше мысалы»,-дейді ол.
«Қазақстанға жер аударылып келгелі күрдтердің тарихында, мәдениетінде бір жаңалық бар. Кеңес кезінде күрд қыздарының мектепте оқуына рұқсат жоқ еді. Бүгінде Қазақстанда күрд қыздарынан шыққан білім кандидаттары, дәрігерлер, ұстаздар, заңгерлер көп. Қазақстанның тәуелсіздігі біз үшін ақ жол болды»,-дейді Князь Ибрагимұлы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03