Премьер-министр бір бөтелке шарап үшін отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр бір бөтелке шарап үшін отставкаға кетті

17.05.2014
Премьер-министр бір бөтелке шарап үшін отставкаға кетті
Австралиядағы Жаңа  Оңтүстік Уэльс штатының премьері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу шаралары барысында алған сыйлықтары туралы жалған ақпар бергені үшін отставкағакетті. Бұл туралы «ВВС»-ге сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
 
Барри  О Фаррелл 2011 жылы өзінің атынан жазылған жазба хатының тергеу органдарының қолына түскенін білгеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Ол жазбада бағасы 2,8 мың АҚШ доллары тұратын  бір бөтелке шарапқа байланысты ризашылығын білдірген.  Саясаткердің айтуынша, мұндай сыйлық алғаны есінде қалмаған.
 
Елдің Премьер-Министрі  Тони Эббот:  «О'Фаррелдің отставкасы осындай деңгейдегі австралиялық  саясаттағы аса сирек кездесетін адалдықтың үлгісі», - деп мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу