ДСҰ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДСҰ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады

07.07.2015
ДСҰ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады

ДСҰ мүше елдердің қай-қайсы болсын Қазақстанмен келіссөздерді ықыласпен әрі байыппен жүргізді.

Себебі, Кеден одағында 2012 жылдан еуразиялық кеңістікте, 2014 жылдан  бері Еуразиялық экономикалық одақтың құрамында тәжірибе жинақтаған Қазақ елі мемлекеттердің қызығушылығын тудыртпай қоймады.

Жылдар бойғы еңбектің нәтижесінде Қазақстан басым бағыт етіп ұстанған ауыл шаруашылығы саласына  мемлекеттік қолдау көрсететін болды.

Ұйым құрылған 1995 жылдан бері мұндай жеңілдікті тек Қытай ғана иеленген.

Мемлекет бұл субсидияны диқандар үшін несиені және жанар-жағармайды арзандатып беру сынды фермерлерді қорғау шараларына пайдалана алады.

ДСҰ-ға кірудің тағы бір пайдалы тұсы - экспорттық әлеуетіміз артады.

Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы туралы хаттамасы  2015 жылдың 31 қазанына дейін Парламенттің ратификациясынан өтуі керек. Одан кейін отыз күннен соң Қазақ елі  ресми түрде ДСҰ-ның 162-ші мүшесі атанады.  

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу