Жер дауының кесірінен Алматы облысында апорт бағы шабылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер дауының кесірінен Алматы облысында апорт бағы шабылуда

15.05.2014
Жер дауының кесірінен Алматы облысында апорт бағы шабылуда
Алматы облысы Қарасай ауданы Алатау кеңшарында жер дауы кесірінен Алатаудың апорты гүлдеп тұрған шағында кесіліп жатыр.
 
Төрт жылдан бері екі кооператив арасында жер дауы бітпей, биыл алма бақтың төңірегінде туған дауға қатысты сот шешімі шыққанша белгісіз біреулер түнделетіп 124 алма ағашын кесіп кеткен.
 
2010 жылы бұл жерге қатысты Байшөкенова деген заңгер арыз-шағым түсіреді. Оның ойынша бұл жер өздері құрған «Мельба алмасы» кооперативіне тиесілі көрінеді. Ал олардың бірде-бір құжаты жоқ, дейді «Апорт-ата» өндірістік кооперативінің заңгері Жеңіс Дүкенбаев.
 
Ал «Мельба алмасы» өндірістік кооперативінің заңгері Қаламқас Байшөкенованың айтуынша, жерді алғаш пайдаланушылардың актісі ауылдық округтың әкімдігінде тіркелген. Сол уақыттағы заңға сәйкес, олардың бұл жерге құқығы бар.
 
Соттың келесі отырысы 21 мамыр күні өтеді. Ал, сот шешімі шыққанша алма ағаштары азайып кететін түрі бар.
 

Хабарламаларға жазылу