Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Арыс ауылында үшем дүниеге келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Отырар тарихында алғаш рет үшемді дүниеге әкелген ата-ананы аудан әкімі Салыхан Полатов арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты.
Аман, Есен, Тұрсынай есімді үшемдердің қазіргі жағдайы жақсы. Алты баланың анасына аудан әкімдігі және «Заречное» АҚ қаржылай сый-сияпат көрсетті.
|