Қырғыз Республикасының үкіметі Кеден одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының үкіметі Кеден одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады

13.05.2014
Қырғыз Республикасының үкіметі Кеден одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады
 
 
Қырғыз Республикасының үкіметі Кеден одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады. Қырғыз Республикасының  экономика министрі Темір Сариев 12 мамыр күні Бішкекте жоба енді парламенттің халықаралық істер және бюджеттік саясат комитетінің талқылауына түсетінін айтты, деп хабарлайды «Азаттық».
 
Сариевтің сөзінше, үкімет жол картасын іске асыруды қаржыландыру және Кеден одағы ережелеріне бейімделу жұмыстарын жүргізе береді. 7 мамыр күні Қырғыз Республикасының премьер-министрі Жоомарт Оторбаев Бішкек Кеден одағына кіру мерзімін бір жылға шегере тұруға тырысып жатқанын айтқан еді.
 
Ол Қырғыз елі жол картасын мақұлдап, парламент пен үкімет қабылдаған соң, құжат Кеден одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің бекітуіне жіберілетінін айтқан.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу