Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінді

13.05.2014
Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінді
 
Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінді. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық станциялар желісі 01:38:35 және 07:18:36 жер сілкінісі белгілерін  тіркеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Алғашқы зілзала кіндігі Алматының шығысына қарай 140 шақырым жерде Қазақстан аумағында, ал екіншісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырым қашықтықта Қырғыз Республикасытерриториясында тіркелді.
 
Алматыдан 140 шақырым қашықтықтағы жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым, күші 8.4 балл, магнитудасы MPV 3.7-ге жеткен.

Ал қаладан 185 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінің тереңдігі - 20 шақырым, күші 9.9 балл, магнитудасы MPV 4.6. 
 
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпарат жоқ. 

Хабарламаларға жазылу