«Қазақстан өңірлерінің дамуына мүмкіндіктер, жағдайлар және ұсынымдар» атты халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан өңірлерінің дамуына мүмкіндіктер, жағдайлар және ұсынымдар» атты халықаралық конференция өтеді

12.05.2014
«Қазақстан өңірлерінің дамуына мүмкіндіктер, жағдайлар және ұсынымдар» атты халықаралық конференция өтеді
15 мамыр күні Астанада «Қазақстан өңірлерінің дамуына мүмкіндіктер, жағдайлар және ұсынымдар» атты халықаралық конференция өтеді.
 
Конференция Еуропалық одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасымен және ҚР Өңірлік даму министрлігімен ұйымдастырылып отыр.
 
Шараға  ҚР Өңірлік даму министрлігінің және басқа да  министрліктердің, облыстық және аудандық деңгейдегі әкімдіктердің, республикалық бизнес-ассоциациялардың, ғылыми-зерттеу институттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, халықаралық донорлар және даму агенттіктері, сонымен қатар, Еуропалық одақтың ҚР Өкілдігі қатысады.
 
Конференцияға қатысушылар микро және стартап бизнестің, экономикалық және индустриалдық аймақтардың, шағын және моноқалалар дамуының, өңірлік және орталық мемлекеттік орындардың Қазақстан өңірлерінің даму перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылайды.
 
Конференция бағдарламасына пленарлық отырыстар және келесі тақырыптағы төрт секция енеді:
-  Микро, стартап және шағын бизнестің дамуына елеулі қолдау көрсету;
- Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар өңірлердің дамуының құралдары;
-  Шағын және моноқалалардың дамуының мәселелері мен перспективалары;
- Орталық және өңірлік мемлекеттік билік орындарының нәтижелі қарым-қатынасының қажетті жағдайларын қамтамасыз ету және механизмдерін жетілдіру.
 

Хабарламаларға жазылу