Астанада «Silkway-2014» дүниежүзілік фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Silkway-2014» дүниежүзілік фестивалі басталды

11.05.2014
Астанада «Silkway-2014» дүниежүзілік фестивалі басталды
Астанада  «Silkway-2014» дүниежүзілік фестивалі өтуде. Шара барысында балдық би бойынша Әлем кубогы сарапқа салынады.
 
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальге Қазақстан, Израиль, Қытай, Корея, Грекия, Польша, Қырғыз елі, Сербия, Украина, Беларусь, Ресей елдерінен 600-ге жуық адам қатысуда.
 
Шара «Нұр Отан» партиясының, Астана қаласы әкімдігінің, Дүниежүзілік спорттық би федерациясы қауымдастығының,  Би спортын дамытудың ұлттық кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
 
Балдық би бойынша кешегі өткен байқауда Польшадан (Варшава) келген жұп Modrzynski Przemyslaw және Zhuravlyova Valeriiya Әлем кубогына қол жеткізді.
 
Күміс жүлдегерлер -  израильдік жұп (ТельАвив) Boruhov Roman және Prokopenko Julia, украиндық жұп (Киев) Чопенко Дмитрий мен Крапак Валерия қола жүлдеге ие болды.
 

Хабарламаларға жазылу