Петропавлда өрттен бес адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда өрттен бес адам қаза тапты

11.05.2014
Петропавлда өрттен бес адам қаза тапты
 
Петропавл қаласында 11 мамырға қараған түні жер үйлердің бірінде өрт болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы azattyq.org хабарлайды.

Өрт шыққаны туралы хабар өртке қарсы қызметтің кезекшісіне түнгі сағат 3.35-те түскен, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
 
Оқиға болған жерде аумағы 42 шаршы метр жер өртенген. Құрбан болған бес адамның екеуі ер адам, екеуі әйел адам екені хабарланды. Тағы біреуінің кім екені анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу