Астаналық этномологтар масаларға қарсы күресті күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық этномологтар масаларға қарсы күресті күшейтті

11.05.2014
Астаналық этномологтар масаларға қарсы күресті күшейтті
Сәуір айынан қыркүйекке дейін Астана қаласында дезинсекциялық жұмыстар жүргізіледі. Этномологтар масалар көбейетін жерлерді, негізінен таяз су және батпақтарды тексереді, хабарлайды astana.kz.
 
Айта кетейік, 25 сәуірден бастап, өңдеу және қорғаныс тосқауылын орнату жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, 2 мамырдан бастап, тұрғын үй секторларында дезинсекция жұмыстары жүргізілуде.
 
Осы айда жалпы ауданы 822,05 гектар жер мен 339,8 гектар тұрғын үй секторы өңделді.
 
Дезинсекциялық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында тиісті жұмыстар ай сайын және қала тұрғындарына ыңғайсыздықтар тудырмас үшін түнгі уақытта жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, масалардың көбеюін бақылау қиынға соғады. Олар жылы және сулы жерлерде тіршілік етеді. Әрине, жәндіктер толық жойылмайды, тек азаяды. 

Хабарламаларға жазылу