Павел Дуров Сент-Китс және Невиске көшуді жоспарламайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павел Дуров Сент-Китс және Невиске көшуді жоспарламайды

10.05.2014
Павел Дуров Сент-Китс және Невиске көшуді жоспарламайды
Жақында Ресейден кеткен «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуров Сент-Китс және Невиске көшуді жоспарламайды, деп хабарлайды  La Repubblica.
 
«Мен ешқашан онда болған емеспін. Көшуді де жоспарламаймын», - дейді ол.
 
Қазір Павел Дуров Орталық Европада. Алайда ол сақтық үшін  дәл қай қалада екенін айтпай отыр.
 
Бұған дейін оның Сент-Китс және Невистің азаматтығын алғаны белгілі болған.

Хабарламаларға жазылу