«Төрлет, Наурыз!» бейнебаяны «Медиабренд» конкурсында үздік шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Төрлет, Наурыз!» бейнебаяны «Медиабренд» конкурсында үздік шықты

07.05.2014
«Төрлет, Наурыз!» бейнебаяны «Медиабренд» конкурсында үздік шықты
Ұлттық арнаның Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай әзірлеген «Төрлет, Наурыз!»бейнебаяны  ресейлік «Медиабренд» конкурсында арнайы эфирлік оқиғалардың арасындағы үздік проморолик ретінде финалға өтті.
 
«Медиабренд» «Телевизиялық даму және дизайн» саласы бойынша жыл сайын өтетін дәстүрлі конкурс.
 
Конкурстың «Медиабренд» аталатын конференциясы  телевизия және электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы брендинг, промоушен, дизайн тақырыптарына арналған.
 
Ол 2011 жылы Ресейдің ұлттық телерадиотарату қауымдастығы және Аймақтардың жарнамалық федерациясының бастамасымен ашылған болатын.
 
Конкурс аталымдары екі үлкен категориядан тұрады: эфирлік және эфирден тыс.  Ал әр категория екі бөлімнен тұрады: промоушен және  дизайн.

Хабарламаларға жазылу