Өскеменде Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды

07.05.2014
Өскеменде Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды
Өскеменге кіреберісте қазақ қолбасшысы Қабанбай батырға қола ескерткіш орнатылды.
 
Бес қаруын асынған әйгілі батыр ескерткішінің авторы Нұрлан Далбай қазақ қолбасшысының ат үстінде найзамен отырған бейнесін суреттеген.
 
Ашылу салтанатына Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері - Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Секен Тұрысбеков, Камал Әбдірахманов, алматылық делегация және ҚР Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу