«Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті өтеді

05.05.2014
«Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті өтеді
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай, 7-мамыр күні «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті өтеді, деп хабарлайды astana.kz ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие жұмыстары департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Театр сахнасында әлемге әйгілі итальяндық тенор Марсело Альварес, А.В.Александров атындағы Ресей Армиясының академиялық ән-би ансамблі, «Астана Опера» симфониялық оркестрі, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі өнер көрсетеді.
 
Шараға Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, соғыс ардагерлері және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады.
 
Айта кетейік, концертке келушілерді ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери оркестрі қарсы алады.
 
Шара барысында патриоттық әндер, итальяндық және қазақ композиторларының классикалық шығармалары орындалады. Сонымен қатар, театр фойесінде еліміздің қарулы күштері туралы фото көрме ұйымдастырылады.
 
Еске салайық, мереке күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда ҚР Қарулы күштерінің әскери парадын тамашалайды, ал кешке қалалық алаңда жастарға арналған концерт өтеді. 

Хабарламаларға жазылу