Қазақстан мен АДБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен АДБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

04.05.2014
Қазақстан мен АДБ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан мен Азия даму банкі арасында ынтымақтастық туралы жаңа негізгі келісімге қол қойылды. Келісім Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысы аясында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Келісімді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Азия даму банкінің президенті Такехико Накаорәсімдеді.
 
Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанның Ұлттық қоры мен АДБ еліміздің экономикасын әртараптандыруды қаржыландыру, тұрақты дамыту және жан-жақты өсімін қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.

Хабарламаларға жазылу