Қазақстан аумағының 40 пайызы - обаның табиғи ошағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағының 40 пайызы - обаның табиғи ошағы

04.05.2014
Қазақстан аумағының 40 пайызы - обаның табиғи ошағы
Қазақстан аумағының 40 пайызы - обаның табиғи ошағы. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасыБолатбек Қуандықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Ішкі қауіп-қатерлерді де ұмытпаған жөн. Мәселен, Қазақстан аумағының 40 пайызы - обаның табиғи ошағы. Республика аумағында сібір жарасының және өзге де қауіпті індеттердің 2 мыңнан астам ошағы бар. Осы орайда, агенттіктің басты мақсаты - халық арасында инфекциялық дерттердің жоғарылауын  алдын алу және болдырмау», - деді Болатбек Қуандықов.
 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аймақтар бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық болжау картасы жасалуда.

Хабарламаларға жазылу