Рубльдің құны 20 пайызға төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рубльдің құны 20 пайызға төмендейді

03.05.2014
Рубльдің құны 20 пайызға төмендейді
  Ресейдің Жоғары экономика мектебі сарапшыларының пікірінше, 2014 жылдың соңына қарай рубльдің құны 20 пайызға төмендемек. Тек қаңтар айының өзінде Ресей валютасы 3 пайызға құнсызданған.
 
Мамандардың пікірінше, рубль бағамының төмендеуіне долларды сатып алу көрсеткішінің өсуі себеп. Экономика мектебінің статистикасына сай, өткен жылы халық 3 миллиард  доллар сатып алған.
 
Сарапшылар рубль құнының төмендеуі – бағаның өсуіне, импорт көлемі мен кірістің азаюына әкеледі, деген болжам айтуда.  

Хабарламаларға жазылу