«Хайтарма» - бір халықтың тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хайтарма» - бір халықтың тарихы

01.05.2014
«Хайтарма» - бір халықтың тарихы

«Хайтарма» - 1944 жылдың 18 мамырында сталиндік депортацияның құрбаны болған Қырым татарларының қайғылы тарихын баяндайтын тұңғыш фильм. Фильмнің басты кейіпкері - ұшқыш, Кеңес одағының екі дүркін батыры Аметхан Султан.   1944 жылдың мамыр айында Севастопольді азатеткен соң, Аметхан  туған жері Алупкаға демалысқа аттанады. Қырым татарларының депортациялануы 18 мамыр күні оның көз алдында болады.   Фильмнің жер аударылған халықтың көпшілік шоғырланған кадрларына Қырымнан мыңнан аса адам қатысқан. Олардың көбі дәл осы қиын кезеңді бастан кешкендер.   Фильмге Алексей Горбунов, Юрий Цурило, Андрей Саминин, Алексей Тритенко, Дмитрий Суржиков сынды танымал актерлер түскен. Туындының режиссер-қоюшысы Ахтем Сеитаблаев басты рөлдегі Аметхан  рөлін өзі сомдап шыққан.  

Хабарламаларға жазылу