Кеше «Астана» радиосында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Байқаудың шарты бойынша тыңдармандар 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап, кез-келген тілде ән немесе өлең шығарып, оны astanafm.kz сайтына немесе «Утро столицы» бағдарламасының ВКонтактедегі парақшасына жіберу керек-тін.
Осынау конкурста жүзден жүйрік шыққан Шынар бас жүлдені - Қазақстан халқы Ассамблеясынан планшет иеленді. Ал екінші және үшінші орындарға ұйымдастырушылар тарапынан телефон, электронды кітап және МРЗ плейер табысталса, тағы 4 адам ынталандыру сыйлығына ие болды. Айта кетейік, бұл жарыста kaztrk.kz порталы да сырт қалмады. Вебредакторымыз Мәншүк Ахметова жүлделі болды.