Алматыда Халықаралық балаларды қорғау мерекесін 2 күн қатарынан тойлайды (КЕСТЕ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау мерекесін 2 күн қатарынан тойлайды (КЕСТЕ)

01.05.2014
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау мерекесін 2 күн қатарынан тойлайды (КЕСТЕ)
Алматылықтар Халықаралық балаларды қорғау күнін 2 күн қатарынан тойлайды. Дәстүр бойынша, мерекелік шара сағат 08.30-да Орталық мәдениет және демалыс саябағынан басталады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Саябақтың орталық кіреберісінде бүлдіршіндерді ертегі әлеміндегі кейіпкерлер – Ер Төстік, Кенжекей, Динь Динь перісі, Гарри Поттер, Белоснежка және Кунг Фу Панда, Ниндзя тасбақалары, Америка капитаны, ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Мерекелік думанның салтанатты бөлімі сағат 09.00-де шаһар басшысы Ахметжан Есімовтің құттықтау сөзімен басталады.
 
Бағдарламаға сәйкес, сұрақ-жауап сайыстары, хореографиялық топтардың қойылымдары мен балалар «Жұлдызды фабрикасы» және  басқа да ойын-сауық шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «Қазпошта» ұсынған әуеге көтерілетін шармен балақайлар көкке көтеріліп, қаланы тамашалауға мүмкіндік алады.
 
Аттракцион сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін бүлдіршіндерге қызмет етпек. Мемлекеттің ерекше қамқорлығын қажетсінетін балаларға аса назар аударылады.
 
Ал 2-маусымда мүгедек балалар, қиын өмір жағдайындағы балаларға, көпбалалы отбасы балаларына, жетім балаларға Қазақ мемлекеттік циркінде Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің түлектері өз қайырымдылық концертін қояды.
 
Сонымен қатар, әр ауданда мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады. Балақайларды тегін балмұздақтар мен тәттілер, сусындар мен аттракциондар күтеді.
 
Қала бойынша мерекелік шаралардың кестесі
Іс-шаралар
Күні
Орны
Халықаралық балаларды қорғау күні – жалпықалалық мереке
1 маусым
Орталық мәдениет және демалыс саябағында
09.00-ден 13.00-ге дейін
«Бозторғай» балалар шығармашылығы Халықаралық фестивалінің гала-концерті
1 маусым
 
Орталық мәдениет және демалыс саябағында
10.00-ден 15.00 дейін
(жазғы эстрада)
«Red Bull F1 Show Run Kazakhstan»спорттық іс-шарасы
1 маусым
Республика алаңы
15.00 -ден 17.00 дейін
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама
1 маусым
«Алмалы» СО
18.00 -ден 20.00 дейін
«Алтын балапан» қазақ тіліндегі балалар спектаклі
1 маусым
Мемлекеттік қуыршақ театры 11.00
«Орыс халық ертегілері» спектаклі
1 маусым
Мемлекеттік қуыршақ театры 12.30, 15.00
Мүсірепов атындағы жастар театрының алаңы
Концерттік бағдарлама
 
1 маусым
Алмалы ауданы Қазақ-Неміс университетімен бірігуімен, 16.00-20.00
«Глобус» СОСО
концерттік бағдарлама
 
1 маусым
Алмалы ауданы «Kazakh Development International»
 ЖШС бірігіп, 15.00-18.00
Алматы қаласының Ипподромы алаңында балаларға арналған тегін ойын-сауықтармен қоса концерттік бағдарлама ұйымдастырылады
1 маусым
Жетісу ауданы,
11.00-ден 13.00 дейін
«Халық» стадионында
балаларға арналған тегін ойын-сауықтармен қоса концерттік бағдарлама ұйымдастырылады
1 маусым
Алатау ауданы,
10.00-нан 14.00 дейін
№6 мектеп үйінде: концерттік бағдарлама, флэш-моб, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, тегін балмұздақ беріледі
1 маусым
Түрксіб ауданы,
10.00-нан 15.00 дейін
«Ғажайыптар әлемі» саябағында концерттік бағдарлама, тегін балмұздақ таратылады, Бостандық ауданының балалары үшін аттракцион тегін
1 маусым
Бостандық ауданы,
10.00-ден 22.00 дейін
1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған Медеу ауданы балалар шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерт (байқаулар, ойындар, викториналар)
1 маусым
Медеу ауданы, 28гвардияшыл-
панфиловшылар саябағы
сағ. 10.00 бастап
«Тамаша сөре» девизімен Алматы қ. балабақша тәрбиеленушілерінің арасында велосипедпен және самокатпен серуендеудің дәстүрлі турнирі
1 маусым
Медеу ауданы, 
ОМжДП аллеясы
сағ. 11.00 бастап
                 
 
1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған Әуезов ауданы балалар шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерт (байқаулар, ойындар, викториналар)
1 маусым
Әуезов ауданы,
«Отбасы» саябағы
сағ.11.00 бастап
«Жануарлар балалардың көзімен» акциясы. Мұрат Мұтырғановпен бірге сурет саламыз
1 маусым
Алматы хайуанаттар паркі,
11.00 -ден 13.00 дейін
 Қайырымдылық цирк көрсетілімі
2 маусым
ҚазМемЦиркі,
сағ.13.00
      
«Red Bul Show Run» – іс-шарасының өткізілуіне байланысты, көлік қозғалысы тоқтатылады.
 
31 мамыр, сағат 18:00 бастап, Сәтпаев, Желтоқсан, Фурманов және  Достық даңғылында, 1-маусымда жоғарыда аталған көшелерде сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Сәтпаев, Фурманов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу