Бүгін – Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

01.05.2014
Бүгін – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
 
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылдан бері тойланып келеді. 130-дан астам түрлі ұлт өкілі тату ғұмыр кешкен еліміз үшін бұл күннің маңызы зор.
 
1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді.
 
«Береке бастауы – бірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бұл күн бүкіл елде, әр қала мен ауылда тойланатын жалпыхалықтық мереке ретінде  қалыптасып кетті.
 
Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, біздің елде кез келген ұлт өкілі тең құқылы. Ұлы Абайдың«Азаматтың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетін басшылыққа алған Президент Н.Ә.Назарбаев:  «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз», дейді.
 

Хабарламаларға жазылу